Тұрғын үйден өрт шығып, екі адам зардап шекті

2249
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/gaz-zharyldy-960x500.jpeg?token=a30e410baf1b7dd27d78843e070573fb
Алматы облысында құтқарушылар отбасын өрттен эвакуациялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. ТЖМ өрт Іле ауданының Байсерке ауылында болғанын хабарлады. Барак үлгісіндегі тұрғын үй пәтерлерінің бірінде өрт шыққан. Қызыл жалынның себебі - газ жабдығының ақаулығына байланысты газ-ауа қоспасының тарсылы. "Өрт сөндіру жұмыстары барысында 1980 жылы туған анасы мен 2001 жылы туған ұлы эвакуацияланды. Қазір олар ауруханаға жатқызылды, екеуін де күйік шалған. Үйден газ баллоны шығарылды", – делінген ТЖМ мәліметінде.
댓글
기타 기사