Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі тіркелді

1219
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/photo-output-7-960x500.jpeg?token=883724c508feb03594b051409d918d06
Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 4 желтоқсан күні Астана уақытымен сағат 17:07-де «ННЦСНИ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі жер сілкінісін тіркеген. «Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан аумағында, Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 96 шақырым жерде орналасқан», – делінген хабарламада. Қазақстан аумағында жер асты дүмпулері сезілмегені атап өтілді. Қырғызстан Ұлттық ғылым академиясы Сейсмология институтының мәліметінше, магнитудасы 3,6 болған жер сілкінісінің эпицентрі Балықшы қаласынан солтүстік-батысқа қарай 23 шақырым жерде орналасқан.
댓글
기타 기사