Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды

1405
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/7a76897e-e394-4ad2-8b6d-eeec02a95816-960x500.jpeg?token=b8233fafeb6dbedb486b73d945b28528

Қостанай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылды. Бұл туралы бүгін, 16 желтоқсанда ҚазАвтоЖол айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Ауа райының бұзылуына байланысты сағат 17:00-ден бастап Қостанай облысында «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 108-232 шақырымында (Әулиекөл а. - Ақмола облысы шекарасына дейін) жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды Шектеу 17 желтоқсан күні сағат 8:00-де алынады деп жоспарланды»,—делінген хабарламада.

Қосымша ақпаратты тәуліктің кез келген уақытында байланыс орталығының 1403 нөмірі арқылы алуға болады.

Бұған дейін «Қазгидромет» республиканың басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болатынын айтқан еді.

댓글
기타 기사