Көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды

1157
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/11/1546e86f-b454-4b93-8857-17d6785fa6b6-960x500.jpeg?token=169d4904c37d6bcad5610ef4082fa88a

Астанада көпбалалы отбасыларға арналған 15 пәтер мемлекетке қайтарылды. Бұл туралы бүгін, 23 желтоқсанда қалалық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Айтуынша, құрылыс салушы көпбалалы жанұяларға арналған 15 пәтерді уәкілетті органның балансына беру бойынша шарттық міндеттемелерді 2022 жылдан бері орындамаған.

«Прокурорлық қадағалау актісі бойынша 10 пәтер конкурс өткізу және кейіннен көп балалы отбасыларды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органның балансына берілді, 5 пәтер тапсырылу сатысында. Кінәлі лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды»,—делінген хабарламада.

댓글
기타 기사