Оқушы қыздардың төбелесі. Семейде тексеріс басталды

2162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Семейде оқушы қыздардың төбелесіне қатысты тексеріс басталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Базар маңында жиналып, төбелескен жасөспірімдердің ата-аналары жауапкершілікке тартылуы мүмкін. Оқиғаға қатысты полиция мән-жайды анықтап жатыр. Видео әлеуметтік желіде тарап, резонанс тудырды. 7-8 сыныптың қыздары топ болып жиналып, қатарластарымен төбелескен. Қалалық білім бөлімінің басшылығы қызлар арасындағы төбелес сабақтан тыс уақыттта болғанын айтады.
“Семей қаласының "Жансая" базары маңында екі мектептің 7-8 сынып қыздары арасында орын алған жанжал туралы ақпарат әлеуметтік желіде шықты. Бұл оқиға сабақтан тыс уақытта орын алды. Қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Қатысушылар мен олардың заңды өкілері, содай-ақ білім бері мекемелерінің өкілдері тиісті құқық қорғау органдарына түсініктеме берді. Видеоны әлеуметтік желіде жариялаған оқушының заңды өкілдеріне ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес айыппұл салды”, – дейді Семей қаласы білім бөлімінің міндетін атқарушысы Макия Әмірханова.
댓글
기타 기사