Абай облысында дала өрті орман алқабына жайылды

2036
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/img_7994-960x500.jpeg?token=21b5cf05791fab0ecf9bbe7cfd554532
Абай облысының Бесқарағай ауданында шыққан дала өрті “Семей орманы” мемлекеттік орман табиғи резерватына тарады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Ерназар ауылдық округінің Қоянбай ауылында құрғақ шөп тұтанып, қатты желдің әсерінен жалын жылдам тарап кеткен. Жел екпіні секундына 26 метрге дейін жеткен.
“Дала өрті ішінара ‘Семей орманы’ МОТР Морозов филиалының орман алқабына өтті”, – делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Оқиға орнына арнайы жедел штаб құрылып, оны төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев басқарып отыр. Өртті сөндіруге Абай және Павлодар облыстарының ТЖД қызметкерлері, “Семей орманы” мен “Ертіс орманы” орман шаруашылықтарының мамандары және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері тартылған. Жалпы 240 адам мен 96 техника жұмылдырылған. Сонымен қатар, әуеден барлау жұмыстары жүргізілуде. Айта кетейік, бұған дейін Павлодар облысының Баянауыл ауданындағы Жасыбай орман шаруашылығында да өрт шыққаны хабарланған болатын.
댓글
기타 기사