Алматыда жігіт пен қыздың жанжалы жұрттың көзінше төбелеске ұласты

2351
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/10/policziya-960x500.jpeg?token=872acba811ec7e4ef3d5f3b21d5a1ae9
Алматыдағы танымал жаяу жүргіншілер көшесі — Арбатта жігіт пен қыздың арасындағы жанжал жұрттың көзінше төбелеске ұласты. Оқиға сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде тарап жатыр, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Zakon.kz-ке сілтеп. Кадрлардан байқағандай, жанжал кешкі уақытта болған. Дегенмен нақты күні әзірге белгісіз. Бейнежазбада жігіт қызға бірнеше ауыр соққы жасағаны көрінеді. Аталған дерек бойынша Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Қазір бұл оқиғаға байланысты тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты мән-жайы анықталуда. Күдікті міндетті түрде ұсталып, заң алдында жауап береді», – деді ведомстводан.
Айта кетейік, 2025 жылдың 10 сәуірінде Алматы облысының Өтеген Батыр ауылында да балаға шабуыл жасалып, ол ауруханаға жеткізілген болатын.
댓글
기타 기사