Әкімдікте атылған оқ. Шабуылға ұшыраған Руслан Берденов жараланды

2162
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/04/photo-output-27-960x500.jpeg?token=23dd42bed796545d74cba807b6683030

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке шабуыл жасалды. Бұл туралы бүгін журналист Михаил Козачков жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Шымкентте төтенше жағдай болды. Қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовты атып кетті. Ол жарақат алып, қазір ауруханада жатыр. Оқ атқан адам ұсталды»,—деді журналист.

Қалалық полиция департаменті бұл ақпаратты растады. Ресми деректерге сүйенсек, қазіргі таңда қастандық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. Мәліметтерге қарағанда, оқ әкімдік алдында атылған. Күдікті де ұсталғанға ұқсайды.
댓글
기타 기사