Ауруханаға жатқызылды. Ақтөбеде үш жасар бала бесінші қабаттан құлап кетті

1816
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2023/12/6e186bd7-1294-45d9-828b-5ce807781c48-960x500.jpeg?token=4c3df8c55f79956f303b187d90f1d30c

Ақтөбеде бесінші қабаттан бала құлап, ауруханаға жатқызылды. Ақпаратты Ақтөбе облысының полиция департаменті растады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

"5 мамырда үш жасар бала көпқабатты үйдің бесінші қабатынан құлап кетті. Апат салдарынан бала жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды", - деп хабарлады Ақтөбе облысының полиция департаментінен.

Оқиға бойынша баланың ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін жауапқатартылатын болады.

Полиция департаменті ата-аналарға балалардың терезеден құлауының алдын алу мақсатында қауіпсіздік шараларын сақтау қажеттігін еске салады.

Терезелерге қорғаныс құрылғыларын орнатуға, балалардың қараусыз қалуына жол бермеуге, сондай ақ, балаларға терезе саңылауларының жанында ойнаудың қауіптілігін түсіндіруге ерекше назар аудару керек.

댓글
기타 기사