Путин Тоқаевқа әкесіне Кеңес Одағының Батыры атағын беру үшін марапат парағын табыстады

2393
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/696378b6-2e54-4656-a97e-a58d44a50c9d-960x500.jpeg?token=4a810df071ca988c7fb9c79173e8be68

Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевты марапаттау парағын табыс етті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Аталмыш құжат Ресей қорғаныс министрлігінің мұрағатынан алынған екен. Құжат бойынша ол Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Алайда бұл атақ Кемел Тоқаевқа берілмеді.

Кемел Тоқаев Польша жеріндегі ұрыстарда көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталған.

Бұрын белгілі болғандай, гвардия сержанты Кемел Тоқаевтың марапаттау парағы желіге тарап кетті. 

Кемел Тоқаев 1942 жылы майданға шақырылып, көп ұзамай 226-атқыштар дивизиясында отряд командирі болды. Жараланған соң 7-гвардиялық танк полкінде қызмет етті. Кемел Тоқаев "Солдат соғысқа аттанды" атты кітабында майдандағы шайқасқандардың қасіретін суреттейді.

댓글
기타 기사