ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады

2486
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/03/960x0-960x500.jpg?token=81373b6dc89a617f080dd4c20fc82006
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. Бұл туралы Женевадағы брифингте ұйымның Бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Біз COVID-19 пандемия ретінде сипатталуы мүмкін деген бағалауға келдік", - делінген Twitter-дегі ДДҰ бетінде. Еске салайық, пандемия - бұл әлемдік ауқымдағы жаңа аурудың таралуы. Әдетте пандемия бүкіл халықтың едәуір бөлігін зақымдайтын жаппай сипат алған ауруды білдіреді. 11 наурыздағы жағдай бойынша жаңа коронавирус COVID-19 жұқтырудың жалпы саны 118 елде 121 564 адамды құрады. 4373 адам қайтыс болды.
댓글
기타 기사