Батуми жетістігі

1973
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/08/karateshiler1-960x500.jpg?token=4a780cd489864091173162b17d0639cb
 24-26 маусым күндері Грузияның Батуми қаласында Годзю-рю Каратеден Еуропа чемпионаты өтті. Қаржылық қиындықтарға байланысты толық құрамда қатыса алмаса да, каратешілеріміз 2 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль иеленіп, олжамен оралды. Жиырма шақты елден жиналған 600-ге тарта спортшылар қатысқан ірі жарысқа қатысып, мұндай олжамен оралу - құрметке лайық. Жарыстың алғашқы күнінде біздің команда 1 алтын, 1 күміс, бір қола медаль ұтса, екінші күні жалпы медаль санын 8-ге жеткізді (2 алтын, 3 күміс, 3 қола). Атап айтар болсақ, ирикуми-дзю нұсқасында 63 кг жастар арасында Қалжан Мирас алтын медаль иеленсе, ересектер арасында осы салмақта финалда екі қазақстандық - Несіпбек Бақтияр мен Есенжол Аманжол кездесті. Нәтижесінде, Аманжол Бақтиярға жекпе-жексіз жолын берді. победу без борьбы. 69 кг салмақта - Нұраддин Садықов – күміс медаль алса, Жасулан Даулеткалиев қола медальді иеленді. Ирикуми-го бағдарламасында 63 кг ересектер арасында Несіпбек Бақтияр финалда 3 раундқа созылған жекпе-жекте жеңісті төрешілер литвалық қарсыласына берді. Осы бағдарламада Калжан Мирас және ката бағдарламасында Нураддин Садыков қола медаль иеленді.

Ермек Абаков,

вице-президент Федерации Годзю-рю Карате-до РК

댓글
기타 기사