63 жастағы әже үш баланы аяусыз ұрып-соққан

2602
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/11785d48-ff28-48f8-b336-65dcf807b930.jpeg
Елордада 63 жастағы әже үш баланы аяусыз ұрып-соққан, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі «Хабар 24»-ке сілтеме жасап. Оқиға Нұр-Сұлтан қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде болған. Кейуана осылайша 6 жастағы немересін ұрғандардан кек алдым дейді. Айта кетейік, өткен сенбіде қала тұрғыны полиция департаментіне үш баласы үйге жарақатпен оралғанын айтып шағымданған. Тәртіп сақшылары айыпталушы әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізді. Сондай-ақ осы оқиғаға байланысты Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті тұрғындарға ескерту жасап, біреудің денсаулығына зиян келтіргендер әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын айтып өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

댓글
기타 기사