Универсияда қарсаңында қазақ өнерін тамашалаңыз

9962
Adyrna.kz Telegram
http://adyrna.kz/content/uploads/2017/01/hqdefault.jpg
Алматы қаласында өтетін 28-ші бүкіләмдік қысқы Универсияда қарсаңында "Алатау" дәстүрлі өнер театрында бірнеше концерттік шаралар өтеді. Атап айтқанда, 30 қаңтар күнгі сағат 17.00-де "Інжу маржан" атты Арқа өнерінің дәстүрлі (ұлттық, классикалық)ән кеші; 31 қаңтар күнгі сағат 17.00-де "Ағажай, Алтайдай жер қайда..." атты Алтай-Тарбағатай өңірінің дәстүрлі (ұлттық, классикалық) ән кеші; 1 ақпан күнгі сағат 17.00-де "Қанекей, тілім сөйлеші" атты Сыр өңірінің дәстүрлі (ұлттық, классикалық)ән кеші; 2 ақпан күнгі сағат 17.00-де "Айнамкөз" атты Батыс Қазақстан өңірінің ән дәстүрлі (ұлттық, классикалық)кеші; 3 ақпан күнгі сағат 17.00-де Дәстүрлі әнші (ұлттық, классикалық) Нұржан Жанпейісовтың шығармашылық кеші; 4 ақпан күнгі сағат 17.00-де Күйші Батыржан Мықтыбаевтың шығармашылық кеші; 5 ақпан күнгі сағат 17.00-де Дәстүрлі әнші (ұлттық, классикалық) Еркін Шүкімановтың шығармашылық кеші; 6 ақпан күнгі сағат 17.00-де "Өнер алды - қызыл тіл" атты студент жастардың айтысы; 7 ақпан күнгі сағат 17.00-де "Жер сұлуы - Жетісу" атты Жетісу өңірінің дәстүрлі ән кеші өтеді.

"Адырна"

     
댓글
기타 기사