Алматы маңында жер сілкінді

3482
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/03/433836b8-ce65-4872-9921-a0071dc1aeca.jpeg
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ сейсмикалық стансалар желісі 24 наурыз күні Алматы уақыты бойынша 6 сағат 04 мин 33 секундта жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Жерасты дүмпуінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 375 шақырым қашықтықта Қытай аумағында орналасқан. Энергетикалық санаты – 10.4. MPV магнитудасы –4.2. Тереңдігі – 5 шақырым. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы мәлімет түспеген.

«Адырна» ұлттық порталы

댓글
기타 기사