Ақтөбеде велосипед жүргізушісі қаза тапты

4930
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/05/izobrazhenie_2021-05-16_174231.png
Ақтөбеде 51 жастағы әйел, «Infiniti FX35» автокөлігінің жүргізушісі 68 жастағы велосипедшіні қағып кетті деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталының тілшісі. Жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші алған жарақатынан медициналық жәрдем жәрдем ауруханасында көз жұмды. Қазір ҚР Қылмыстық Кодексі 345-бабы 3-бөлігі бойынша «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу» дерегі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
"Велосипедшілер — автомобильдер мен өзге де көлік құралдарының жүргізушілері, сондай-ақ жаяу жүргіншілер сияқты жол қозғалысына қатысушылар. Сондықтан велосипедпен жүру кезінде жол-көлік қозғалысы ережелерінің талаптарын басшылыққа алуы тиіс: қозғалыс басталған және маневр жасаған кезде, тиісті сигналдарды көрсетуі, жүру бөлігін жаяу жүргіншілер өтпесімен кесіп өткен кезде асығуы керек. Көбінесе бұл талапты велосипедшілердің көпшілігі – ересектер де, балалар да елемейді. Соның салдарынан көп жағдайда жол-көлік оқиғалары болып жатады", - дейді Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Атығай Арыстанов.

"Адырна" ұлттық порталы

 
댓글
기타 기사