Бастөбе ауылында 400-дей тұрғын таңдауын жасады

2666
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/07/2a13193df13d8e8616279283280a9e9e.jpeg
Алматы облысында саяси аламанның басталғаны сол екен, өз үздіктерін таңдамаққа ағылған халықтың қарасы қалың. Қаратал ауданы, Бастөбе ауылдық округіндегі 548-і сайлау учаскесінде қазірдің өзінде 400-ге жуық тұрғын кандидаттарға дауыс берді. Жалпы аталған учаскеде 2126 сайлаушы тіркелген. Сондай-ақ 20 сайлаушы үйден дауыс беруге өтініш білдірген. "Бүгін таңғы сегізден бері жұмыс жасап жатырмыз. Біздің учаскеде 3 саяси бақылаушы өз жұмыстарын жалғастыруда. Барлық санитарлық талаптар сақталған. Кешке дейін 80-90% сайлаушы өз даусын береді деген ойдамын. Негізі бұл учаскеде сайлаушылар 3 кандидатқа дауыс береді",- дейді нөмірі 548-і сайлау учаскесінің төрағасы Мәлікжан Жамалбеков.
댓글
기타 기사