Қазақстан: 1 күнде 158 адам індеттен қайтыс болды

4117
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/08/9027de26-779b-4d13-bf61-3efae811b135.jpeg
Қазақстанда бір тәулікте коронавирустан 125 адам, коронавирустық пневмониядан 33 адам қайтыс болды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі. Сондай-ақ кеше 7 792 адамннан коронавирус анықталды, тағы 379 адам пневмонияға шалдыққан. 5 тамыздағы мәлімет бойынша, 107 600 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. Оның ішінде 29 623 пациент стационарда, 77 977 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр. Өткен тәулікте 7 792 адамнан коронавирус табылды Коронавирус жұқтырғандар арасында 1 832 адамның жағдайы ауыр, 417 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағаланды. 202 адам жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Пандемия басталғалы Қазақстанда 610 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырды, ішінде 6 402 адам қайтыс болды. 62 151 адам коронавирус пневмониясына шалдығып, 3 814 адам қайтыс болды.
댓글
기타 기사