Башқұртстанның (Ресей Федерациясы) Уфа қаласында күрес түрлерінен 21 жасқа дейінгі спортшылар арасында әлем біріншілігі өтеді деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Бүгінде грек-рим күресінен әлемдік сынға қатысатын қазақстандық балуандар анықталды. Уфа бозкілемінде төмендегі спортшылар ел намысын қорғайды:
55 келі: Исхар Құрбанов 60 келі: Нұрсұлтан Базарбаев 63 келі: Диас Әскербай 67 келі: Дінмұхаммед Қошқар 72 келі: Әбдіәзім Қарабаев 77 келі: Расул Жүніс 82 келі: Әзімхан Абдалиев 87 келі: Мақсат Сайлау 97 келі: Ерзат Ерланов 130 келі: Асылбек ЖәнібекұлыКоманданың аға жаттықтырушысы: Нұрым Дүйсенов
«Адырна» ұлттық порталы