Қытай Компартиясының газеті қазақ тілінде сайт ашты

3747
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/09/c04a346f-347c-4d26-b321-ae98f7078888.png
Қытайдағы Коммунистік партияның ресми газеті қазақ тілінде сайт ашты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап. Газет сайтында басылымның 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап 12 шет тілінде жұмыс істейтіні жазылған. "Халық газеті" сайтының сегіз айдары бар: Қытай, экономика, әлем жаңалықтары, Қытай-Қазақстан қатынастары, туризм, фото, спорт, мәдениет және ғылым. Басылымды "Жэньминьван" (People Daily) газеті басқарады. Басшылық ҚХР мен тиісті аудандардың интернет-пайдаланушылары арасында қарым-қатынас пен өзара түсіністік жөніндегі жаңа платформа құру үшін белсенді күш-жігер жұмсайтынын атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

댓글
기타 기사