Ақпарат шындыққа жанаспайды – министрлік мәлімдеме жасады

2669
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/10/779d6159-78c6-4aa7-8cc2-ed673464ad61-960x500.jpeg?token=54cf381d4bb0f6461b9f9f3520cd6c92
Соңғы кезде «1 қарашада eGov-ты платформалық нұсқаға өткізу туралы шарт жасалады-мыс» деген әңгіме таралып, журналистер мен қоғам өкілдері тарабынан осыған байланысты сауалдар түсіп жатыр. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Кейбір кісілер осындай алып-қашпа әңгімелерді қасақана таратуда, сондықтан журналист-әріптестерден тек қана ресми ақпарат көзіне сенуді өтінемін: министрліктің mdai.gov.kz сайты мен әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттары. Сондай-ақ бұған дейін алғышарттар көрсетілген меморандум жарияланған болатын. Меморандумның толық мәтінін Әділет нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтынан таба аласыздар.

Мақсат ТӨЛЕГЕНОВ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Баспасөз қызметінің жетекшісі.

댓글
기타 기사