Қолжетімді спорт ауладан басталады

2579
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/11/320c42aa-35ba-49a7-81c0-cb9c3330e552.jpeg
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы Майлықожа көшесіндегі көпқабатты № 17 үй ауласында жаңа спорт алаңшасы тұрғындар игілігіне тапсырылды. Белгілі кәсіпкер Серік Түлбасовтың жеке қорының есебінен салынған алаңшаны қала әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов ашты. Биыл демеуші қаражаты есебінен салынған 5-ші спорт алаңшасында воркаут аймағы, фитнес, волейбол, баскетбол және кіші футбол ойнауға мүмкіндік бар.
– Ел болашағы – жастардың денсаулығы мен білімінде. Сол миссияны орындау мақсатында баршамыз бірлесе жұмыс атқаруымыз керек. Бұқаралық спортты дамытуға өз септігін тигізіп жүрген қаламыздың жомарт азаматтарына алғыс. Биыл Әл-Фараби ауданында жалпы 31 спорт алаңшасы пайдалануға беріледі. Оның 25-і қала бюджетінен, ал 6-ы демеуші есебінен. Тұрғындар бұл игі істеріңізді ұмытпайды, – деді Мақсұт Пернебайұлы.
Бүгінде Шымкент қаласының барлық аудан аумағында балалар ойын алаңшалары, спорт тренажерлары пайдалануға берілуде.

«Адырна» ұлттық порталы

댓글
기타 기사