Өзбекстанда сауда үйінде жарылыс болып, екі адам қаза тапты (ВИДЕО)

2742
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/news_full1638855981e855a087e30665cd7aed57e423ac5dfb.jpg
7 желтоқсан күні түнде Өзбекстанның Денау қаласындағы "Инденим" сауда кешенінде жарылыс болып, екі адам көз жұмды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Жарылыс түнгі сағат 3.57-де болған. Ғимараттың қабырғасы құлап, өртенді.
- Ғимаратта болған тоғыз адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Іздестіру-құтқару жұмыстары кезінде қирандылар астынан екі адамның мәйіті табылды, - делінген ТЖД хабарламасында.
Айта кетейік, қазіргі күні жарылыс себептерін анықтауға арналған комиссия құрылып, жұмыс істеп жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

댓글
기타 기사