Меркельдің зейнеттегі алғашқы күні қалай өтті?

3925
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/12/aa8545ba-44b5-4234-a446-475368fec707.jpeg

Германияның экс-канцлері Ангела Меркель үкімет басшысы қызметінен кеткеннен кейін "ұйқымды қандырамын" дегеніне қарамастан, зейнеткерліктің бірінші күні үйінен таңертең шығып кетті. Бұл туралы Bild таблоид басылымы жазады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ақпарат бойынша, сағат 08:20-да Меркель кептелістерге қарамастан Унтер ден Линден көшесіндегі бундестагтағы жаңа кеңсесіне барған.

Кейінірек ол супермаркетке барады. Дүкенде экс-канцлер күзетшімен болса да, арбаны өзі сүйреп жүрді.

БАҚ мәліметінше, Меркелдің ендігі кеңсесі бұрынға канцлер Гельмут Коль қызметінен кеткенде барған жерде болады. Сондай-ақ, мұнда кезінде ГДР білім министрі Маргот Хонеккердің резиденциясы болған. 

 Германияның жаңа канцлері болып социал-демократ Олаф Шольц сайланды. Айта кетейік, Меркель бұл қызметті 2005 жылдан бастап 16 жыл қатарынан атқарды.

“Адырна” ұлттық порталы

댓글
기타 기사