Мария ван Керкхове: "Коронавирус бірте-бірте эндемиялық инфекцияға айналып жатыр"

2469
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/imgonline-com-ua-resize-c9lxjptayncuh.jpg
Коронавирус бірте-бірте эндемиялық инфекцияға айналып жатыр. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шұғыл аурулар бөлімінің техникалық тобы жетекшісі Мария ван Керкхове айтты,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ұйымның YouTube-арнасына сілтеме жасап.
Ұйым сарапшысы пандемияны болжау қиындап бара жатқанын айтты. Өйткені вирус мутацияға ұшырап, өзгеріп жатыр.
"Вирус эндемия сипатқа айналып жатыр. Бұл анық. Дегенмен қазір пандемия белең алып тұр: сырқаттанушылық көрсеткіші өсіп барады, оған қоса елдердің денсаулық сақтау жүйесіне де ауыртпалық түседі. Ол кезеңге әлі жеткен жоқпыз", - деді сарапшы.
Ван Керкхове елдер вирусқа қарсы әртүрлі тәсілмен күрес жүргізетінін, сондықтан COVID-19 пандемиясы қалай дамитынын болжау қиын екенін айтты.
"Тұмау және басқа да маусымдық инфекциялар сияқты болжам жоқ. Мүмкін оны жасармыз, бірақ қазір емес", - деп түсіндірді жұқпалы аурулар маманы.  

"Адырна" ұлттық порталы

 
Комментарии