Ақтауда ер адам 9-қабаттан секіріп, көз жұмды (ВИДЕО)

4058
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/01/img-20140219134433-386.jpg
Ақтау қаласында ер адам 9-қабаттан секіріп, көз жұмды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "lada.kz"-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 12 қаңтар күні кешкі сағат 22.00-де болған. Ақтау қалалық полиция басқармасының мәліметінше, ер адам 16-шағын аудандағы "Керемет" тұрғын үй кешенінің 9-қабатынан құлаған.
"Аталмыш дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабына сәйкес, Ақтау қалалық полиция басқармасының сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Кісі өліміне байланысты сот-медициналық сараптама тағайындалды", — деп жазылған полиция хабарламасында.   https://youtu.be/jwnFtl5qvpU  

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии