Баян Алагөзова Алматыдағы Президент резиденциясын шығармашылық орталығына айналдыру керектігін айтты

2373
Adyrna.kz Telegram

Белгілі қазақстандық продюсер Баян Алагөзова Алматыдағы өртеніп, қаңырап қалған Президент резиденциясын шығармашылық орталығына айналдыру керектігін айтты деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Продюсер бұл туралы өзінің инстаграмдағы парақшасына жазды. Баян Мақсатқызы бұл ұсынысын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құлақ асатынына сенімді.

"Менің ұсынысым шындыққа жанаспайтын шығар. Бірақ неге солай жасамасқа? Мәдениет және білім салаларына аса мән бермегеніміз қаламызда соңғы уақытта болған оқиғалардан анық көрінді. Президент қираған нысандардың бәрін қалыпқа келтіруді, қаланы бұрынғыдан да көріктендіре түсуді тапсырды. Бұл керемет жаңалық. Бірақ бос жатқан ғимаратты тәулік бойы әскерилер күзетіп тұрса, оны қалыпқа келтірудің не қажеті бар? Оның орнына өнер орталығын ашып, білікті мамандарды тарту керек. Ұялы телефонға телмірген балаларды сол орталықта тегін оқытсақ нұр үстіне нұр болар еді", — деп жазды Баян Алагөзова.

Желіде продюссердің бұл ұсыныс қолдап жатқандар көп. Тіпті олардың арасында әншілер де бар.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер