ҰҚШҰ белорус бітімгерлері мінген он ұшақ Қазақстаннан Минск облысына ұшып кетті

2407
Adyrna.kz Telegram

ҰҚШҰ белорус бітімгерлері мінген он ұшақ Қазақстаннан Минск облысына ұшып кетті, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы РИА Новостигесілтеме жасап.

"Беларусь Республикасының ҰҚШҰ бітімгерлері мінген он ұшақ, Жетіген әуеайлағынан Минск облысына ұшып кетті. Армения Республикасы мен Тәжікстан Республикасының бітімгершілік контингенті де тұрақты пункттеріне Ресейдің Әуе-ғарыш күштері ұшағымен жеткізіледі", - делінген Ресей Қорғаныс министрлігі хабарламасында.

Сондай-ақ, Армения, Беларусь және Тәжікстанның бітімгерлері үйіне қайту үшін "Жетіген" және "Алматы" әуеайлақтарында РФ Әуе-ғарыш күштері әскери-көлік авиациясының ұшақтарына техника мен жеке құрамды тиеуге кіріскені айтылды.

Бұл ретте Қырғызстан Республикасының бітімгершілік жасағы стандартты техникамен тұрақты орналасу нүктесіне аттанатыны хабарланған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер