Бірқатар өңірде ТЖ режимі алынды

839

Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан облысы және Шымкент қаласында төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Бұл туралы Ақорда мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қарағанды облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 741 Жарлығымен енгізілген Қарағанды облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

«Шығыс Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 739 Жарлығымен енгізілген Шығыс Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

«Түркістан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 742 Жарлығымен енгізілген Түркістан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

«Шымкент қаласында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 734 Жарлығымен енгізілген Шымкент қаласының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 14 қаңтардағы 18 сағат 00 минуттан бастап жойылсын.

«Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі»,– делінген қаулыда.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket