Абзал ҚҰСПАН: Әділдік талап еткен, араша сұраған ағайын!

2059
Adyrna.kz Telegram

 

Абзал Құспанның айтуынша, митингке қатысушыларға қатысты құқық қорғау органдарындағы материалдар бойынша қоғамдық комиссия құрылуы тиіс, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Одан басқа жолды көріп тұрған жоқпын! Иә, қылмыстық істерді тергеудің өз тәртібі бар, дегенмен заңсыз ұсталды, заңсыз қамалды, ұрып-соқты, азаптады деген арыз-шағымдар легі толастар емес! Ондай жағдайда, қоғам өкілдері бұл жағдайды өз бақылауына алып, көз жеткізуге тиісті деп есептеймін!» — дейді адвокат.

Абзал Құспан құқық қорғау органдарына, әсіресе жергілікті жердегі өкілдеріне ел тарапынан сенім жоқтығын алға тартады. Оның қарапайым мысалы ретінде өзіне қатысты жағдайды айталы. Осы айдың 7-і күні Орал қаласында белгілі журналист Лұқпан Ахмедьяров екеуі президент атына петиция жолдамақ болған. Соның 4 бөліктен тұратын талабының 1-сі осы бейбіт митингке қатысушы белсенділерді қудаламау туралы болған. Алайда Лұқпанды таңертең үйінен әкетіп, мен «Уральская неделя» газетінің редакциясынан ұстап әкетіп қамап тастаған. Адвокаттың өзі асығыс жағдайда оқып және интервью беріп үлгерген.

«Бірақ Лұқпанға, қолдап келген Бекнұр Санжаров және маған осы әрекетіміз үшін сот 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарды. Елге белгілі біздерге қатысты осындай әрекеттерге барған жергілікті органдар заңнан хабары жоқ, қарапайым азаматтарға не істемейді?! Сондықтан бұл үндеуді қолдауды, мейлінше таратуды сұраймын!» — дейді ол.

Абзал Құспанның үндеуінен:

Әділдік талап еткен, араша сұраған ағайын!

Қазір ғана мемлекеттік хатшымыз Ерлан Қаринның қабылдауынан шығып келемін. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары, оның ішінде бірінші кезекте полицияға адам құқықтарын сақтау туралы қатаң тапсырма берген.

Алайда, жағымсыз хабарды таратушылар жағынан да, тіпті сол полицияның өзі тарапынан да жаңа тәртіпке мойынсұнғысы келмейтін арандатушылар бар сияқты. Дәл ондай арандатуға басқа-басқа қазіргі уақытта Ақорда мүдделі емес екені айдай анық қой, енді.
Ендеше сол жағдайларды қоғам атынан тексеріп көруді бізге сеніп тапсырып отыр. Қазір мен комиссия құрудың заңдылығы, өкілеттігі сияқты мәселелерді талқылауға Бас Прокуратураға барамын, бастысы Ақорда қарсы емес! Шыққан соң тікелей эфир жағдайында жүздесіп, жағдайды өздеріңе баяндайтын, өздеріңізбен кеңесетін боламын!

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер