Петропавлда мас күйінде көлік жүргізген шенеунікке үкім шықты

2264
Adyrna.kz Telegram

26 қаңтарда Петропавлда Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтіп, онда Солтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы Абай Балабековке қатысты тәртіптік іс қаралады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Azattyq Rýhy-на сілтеп. 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 2020 жылдың 26 ​​желтоқсанында Абай Балабеков көлікті мас күйінде басқарған.

Петропавл қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының 28 желтоқсандағы қаулысымен шенеунік 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

«Балабеков Абай Клименұлы Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын және оған 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза қолданылсын. 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылды», - делінген сот қаулысында.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер