Қазақстанда 15 мыңға жуық шетел азаматы жұмыс істейді, олардың 3,8 мыңнан астамы басшылық қызметте, деп хабарлайды "Адырна" сайты Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.
Мәселен, 2022 жылғы 1 қаңтардағы жағдайға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың рұқсаты бойынша Қазақстанда 14 932 шетел азаматы жұмыс істейді.
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттардың арасында келесі санаттар бар:
- 635 рұқсат бірінші (басшылар мен олардың орынбасарлары),
- 3 206 – екінші санат бойынша (құрылымдық бөлімшелердің басшылары),
- үшіншіге (мамандар) – 7 827,
- төртінші (білікті жұмысшылар) – 745 адам.
"Адырна" ұлттық порталы