Ерлан Қиясов ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен босатылды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады. Ерлан Қиясов бұл қызметте 2020 жылдың қыркүйегінен бері жұмыс істеп келді.
Ол Қазақ мемлекеттік медицина университетін, Орталық Азия университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген.
"Адырна" ұлттық порталы.