Биыл Шымкентте «Ақжар» қосалқы станциясының құрылысы аяқталады

1792
Adyrna.kz Telegram

Қаладағы 81 елдімекеннің 72-і сапалы электрмен қамтылған. Электрмен қамту деңгейі 97 пайызды құрайды. 2021 жылы 7 елдімекенде құрылысы аяқталып, 21мыңға жуық халық сапалы электр қуатымен қамтылды. Қамту деңгейі 95%-дан 97%-ға артқан болатын.

Көрсеткішті одан әрі арттыру мақсатында биыл 12 нысанның құрылысы басталып кетті (2 қосалқы станция, 10 ішкі орамдық). Жыл соңына дейін 1 қосалқы станция, 8 елдімекендегі құрылыс жұмыстары аяқталып, 22 мыңға жуық халық сапалы электр қуатына қосылады (қосалқы станция – «Ақжар» 110 кВ, ішкі жүйелер – Достық, Тұран, Батыс, Нұртас, Сәуле, Жаңаталап, Қайнарбұлақ, Солтүстік саяжай). Нәтижесінде сапалы электрмен қамту деңгейі 97%-дан 99%-ға жетеді.

2023 жылы қала толығымен электр қуатымен қамтамасыз етіледі деп күтілуде.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер