“Күрес президенті” болған Мәсімовтың өкілеттігі тоқтатылды

3678
Adyrna.kz Telegram

Qazaq kuresi қауымдастығының президенті болған Кәрім Мәсімовтің өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Qazaq kuresi қауымдастығы құрылтайшыларының кезекті жалпы жиналысының қорытындысы бойынша бұл ұйымға Самат Ерғалиев президент болып сайланды.

Самат Ерғалиев қазіргі кезде Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарады. Еркін күрестен спорт шебері. «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер