Талдықорғанда полицейлер митингке шықты

20098
Adyrna.kz Telegram

Талдықорғанда полицейлер 9 ақпан күні кешке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ғимаратының алдына жиналды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Orda.kz оқырманы қылмыстық полиция басқармасының қызметкері Кенжебаевты азаптау фактісі бойынша ұсталғаны туралы хабарлады. Осы себептен оның әріптестері жұмыстан шығу туралы жаппай өтініш жазуды жоспарлаған.

Ал 9 ақпан күні кешке полиция өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі департаментінің ғимаратына жиналды, оған кейін Алматы облысы полиция департаменті бастығының орынбасары келген.

Алматы облысының құқық қорғау органдарының хабарлауынша, криминалдық полиция қызметкерлерінің ешқайсысы ұсталған жоқ.

"Бірде-бір қызметкер ұсталған жоқ. Кеше сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігінің департаментінің жанына жиналды. 20 минуттан соң тарады", - деді құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер