Сенат отырысында Ләззат Қалтаева ант қабылдады

1960
Adyrna.kz Telegram

Сенат отырысында Ләззат Қалтаева ант қабылдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өздеріңізге белгілі президентіміздің Жарлығымен қаңтар айында Ләззат Молдабекқызы Қалтаева сенат депутаты болып тағайындалды. Мүмкіндігі шектеулі азаматтың парламенттің депутаты Тәуелсіз еліміздің тарихында алғаш рет орын алып отыр. Жалпы мемлекет басшысы бұл санатттағы азаматтардың саяси өмірге белсенді араласуына үнемі баса мән беріп келеді. Ләззат Молдабекқызының сенатор болуы соның нақты нәтижесі, деді ҚР Парламенті сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Әшімбаев мүгедектігі бар Қалтаеваның ант қабылдап, саяси іске араласуы өзге адамдардың өмірге сенімін арттырып, мықты болуына көмектесетінін білдірді.

Ләззат Қалтаева Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіне жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант берді.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер