Қырық мысал - қырық мақал

2842
Adyrna.kz Telegram

Биыл Ұлт ұстазы А.Байтұрсынұлының 150 жылдығы республика көлемінде аталып өтілуде.

Бүгін Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының @kuyrshak.shymkent ұйымдастырумен «Shymkent Plaza» ойынсауық орталығында «Қырық мысал-қырық мақал» көшпелі әдеби тіл керуені өтті.

Ескі мақал-мәтелдер-тарих қатпарында жатқан көненің көзі, халықтың көркем ойын айшықтайтын фольклор. Бүгінге дейін сол ескі мақал-мәтелдердің, жаңылтпаштардың бір бөлігі қаз қалпында жетсе, енді бірі күңгірттеніп ұмыт қалғандай. Осы орайда, іс-шарада ғасырлардан екшеліп жеткен терең мазмұнды, тақырып аясы кең сөз мәйегі - мақал-мәтел мен жас ұрпақтың тілін ұстартып, әртүрлі сөзді шапшаң айтуға үйрету мақсатында жаңылтпаш жарысы ұйымдастырылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер