Танымал вайнерге іздеу жарияланды: Қаржы пирамидасын құрған

2009
Adyrna.kz Telegram

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген Вайнер Әзімжан Саидбаевқа іздеу жарияланды. Бұл туралы Алматы полиция департаменті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов Telegram-да мәлімдеді.

"Қазақстан Республикасы ҚК-нің 2-тармағы 3-бөлігінің 217-бабында (қаржылық "инвестициялық" пирамиданы құру және оған басшылық ету) көзделген қылмысты жасады деген күдік бойынша біз Қырғызстан Республикасының тумасы, 30.09.1986 жылы туған Саидбаев Әзімжан Алымжанұлын іздестірудеміз. Бұлтартпау шарасы: күзетпен ұстау", - делінген хабарламада.

Полицейлер іздеуде жүрген адам туралы мәлімет білетіндерге +7 701 758 67 60, +7 708 683 94 33 және 8 (727) 254 43 51 телефондары арқылы хабарлауды сұрайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер