Петиция жарияланды: Дариға Назарбаева отставкаға кетсін!

3530
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаеваның Мәжіліс депутаттығынан дереу отставкаға кетуін талап еткен петиция жарияланды.

«Қазақстанның тұңғыш президентінің үлкен қызы Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуі мүмкін деген мәселе көптен бері күн тәртібінде тұрған, бірақ Назарбаева Орталық сайлау комиссиясына ресми өтініш берген жоқ. Көмекшісінің айтуынша, ол коронавируспен ауырғаннан кейін еңбек демалысында. Кейбір ақпарат көздері оның Дубайда екенін айтты. Дариға Назарбаеваның отставкаға кетуін талап етеміз!» - делінген жұмада жарияланған петицияда.

Назарбаева қаңтардағы қайғылы наразылықтар басталғаннан бері Мәжіліске келмеді. Ресми нұсқа бойынша, ол коронавирус жұқтырған. 10 ақпанда Мәжіліс депутаты Айдос Сарым оған сенімсіздік білдіріп, тұңғыш президенттің қызы отставкаға кетуі керек деді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер