Жүректі елжіреткен қызылордалық әке баспанадан бас тартты

3856
Adyrna.kz Telegram

Қақаған қыста балаларын велосипедпен тасыған әкенің бейнежазбасы барша қазақтың жүрегін елжіреткен еді. Блогер Асылхан Дүкенбаевтың бастамасымен бұл азаматқа көлік алып беруге қаражат жинала бастады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Әлеуметтік желілерде таралған бейнежазбадан кейін есімін атамаған Шымкенттік азамат өз атынан көлік сыйлағысы келгені де белгілі болды.

Бірақ қызылордалық әкей бұл сыйлықтан бас тартты.

“Жұрт ниет етіп, жинаған ақшадан бір көлік бұйыртса жеткілікті”, деді өзі.

"Шымкенттік бір бауырымыз көлік сыйлаймын деп ниет қылып жатыр екен. Бауырыма рахмет, Алла разы болсын. Сол көлік өзінде қала берсе, мінгізгендей көремін. Көпшіліктің жинаған көмегі ақшасына түскен көліктің ыңғайы болса, соны үй алғандай көремін", - деді ол. 

Көліктен бөлек, баспана әпергісі келген халықтың бұл ақ адал ниетіне қызылордалық тұрғын өз рақметін айтып, қазіргі тұрып жатқан баспанасының тегін екенін, шүкірлік ететінін жеткізді.

“Барлықтарыңызға рахмет. Ағайын, шешем, бауырларым, келіншегім, өзім бар. Осы үй мәселесін тек рахметпен доғару жөнінде шешім қабылдап отырмыз. Тақырып көліктен басталып еді ғой. Жиналған қаражатпен бір көлік бұйыртсын. Осымен жабылса деген ой бар. Тұрып жатқан баспанам, Аллаға шүкір тегін. Шешемнің сөзі мен үшін үлкен нәрсе ғой, ол кісінің сөзінен аттап кете алмаймын", - деп түсіндірді ол.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер