Жамбыл облысында 25 мыңға жуық қызметкердің жалақысы 24 пайызға өсті

2024
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев өңірдегі барлық ірі кәсіпорындардың ұжымдарымен кездесіп, басшылардың 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы есептерін тыңдап, алдағы уақытта атқарылған жұмыстарға қатысты мәселелерді, жұмысшылардың жалақысын арттыруға, еңбек жағдайын жақсартуға байланысты ұысыныстарды талқылады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Жамбыл облысында жұмыс орындарын сақтау, өндіріс көлемін ұлғайту және жұмысшылар алдындағы әлеуметтік міндеттемелерді орындауға баса назар аударылуда.

Облыс әкімдігі, барлық кәсіпорындар мен кәсіподақтар арнайы үшжақты меморандумға қол қойды. Облыста 195 кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын (25 мыңға жуық адам) орта есеппен 24 пайызға өсірді.

Ағымдағы жылдың басынан бері 31 кәсіпорын жұмысшыларының жалақысын орта есеппен 12 пайызға өсірген. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес «Қазфосфат» ЖШС қызметкерлерінің жалақысы 2021 жылы 25 пайызға, биылғы жылы 15 пайызға (барлығы 6200 адам жұмыс істейді), «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС 25 пайызға (770 адам) өсті. ).

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Таразэнергоцентр» АҚ қызметкерлерінің жалақысы 28 пайызға, өндірістік қызметкерлердің жалақысы 38 пайызға өсті.

Өңір басшысы кәсіпорын басшыларына еңбек жағдайын жақсарту, жыл сайын жалақыны көтеру шараларын жүйелі түрде қолға алуды, бастауыш кәсіподақ ұйымдарының басшыларына аз қамтылған және көп балалы отбасыларға көмек көрсетуді тапсырды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер