Қазақстан өткен жылы 8 мыңға жуық көлік экспорттады

3765
Adyrna.kz Telegram

Мен негізі көлікқұмар дей ме ханымдардың қатарынан емеспін. Бірақ әріптестерімнен келген мына ақпарат қуантты. Сіздерге де айтайын.

• Біздің қостанайлық автоөндірушілердің экспортқа автомобиль шығарып жатқанын білетін бе едіңіздер? Мәселен, JAC, Ghevrolet, Kia, Lada, Renault, UAZ және SAZ сияқты брендтердің автомобильдері құрастырылатын «СарыарқаАвтопром» зауыты өткен жылы 7593 бірлік көлікті экспорттаған.

• Отандық өндірістегі автомобильдер Ресейге, Қырғызстанға, Өзбекстанға, Әзірбайжан мен Белорус еліне экспортқа жіберіліпті.

• Ал биыл қостанайлық автоөндіруші Chevrolet Nexia (қуаттылығы – 30 000 дана), Sportage (15 000 дана) және Lada Granta `10 000) CKD (ұсақ торапты) өндірісін іске қосуды жоспарлап отыр.
Бұл ақпараттар – бүгінгі «АгромашХолдингKZ», «СарыарқаАвтопром» және «KamLitKZ» компанияларының ашық есік күндерінде айтылыпты.

Онда қазақстандық журналистер мен блогерлер Қостанайда іске қосылған Локализациялық орталықта болып, метальды пішу, ию, дәнекерлеу, бояу және пластик компоненттерін өндіру сияқты барлық өндірістік процестермен танысыпты.

Айта кету керек, бұл зауыт - Қазақстандағы өндірісті оқшауландыруды ұлғайту бойынша алғашқы ауқымды жоба болып табылады.

Мына кадрлардан көріп тұрғандарыңыздай, 36 мың шаршы метр аумақта әмбебап шеберханалар, заманауи құрал-жабдықтар, оқу орталығы, әкімшілік-тұрмыстық кешен және зауыт жұмысшыларына арналған жатақханасы қоса бар екен. Өткен жылы зауыт 597 дана көлемінде комбайндарға, тракторларға және аспалы техникаға арналған бөлшектер, агрегаттар мен тораптар өндірісін игерсе, о сы кезеңде 13 183 бірлік бөлшектер мен тораптар өндірген.

Айта кету керек, «АгромашХолдингKZ» өнім тобына «ESSIL» астық және жем шөп жинайтын комбайндар, LOVOL тракторлары, «Deutz-Fahr» комбайндары мен тракторлары, «Алтын Д»нә сепкіштері мен аспалы және тіркемелері техника кіреді.

Сондай-ақ журналистер, «СарыарқаАвтоПром» зауытындағы қостанайлық автомобильдер өндірісінің процесімен де танысты.

Қостанайлық автоөндіруші 2021 жылы 60 мыңнан астам, 2020 жылы 4050 бірлік, 2019 жылы 25 875 бірлік автомобиль құрап шығарған. Жақсы жаңалықты да бөлісіп тұрайын деген ниетпен бөлісіп отырмын.

Ирина Советжанқызы

Пікірлер