Қазір бізде құқықтық нигилизм белең алды - Президент

2689
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық телеарнаға мемлекеттік тілде сұхбат берді. Сұхбат барысында ол бүгінгі қоғам алдында тұрған ең маңызды мәселені атады, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

"Қоғамдағы ең маңызды мәселе – заң үстемдігін қамтамасыз ету. Өкінішке қарай, заңды мойындағысы келмейтін азаматтар аз емес. Басқаша айтсақ, құқықтық нигилизм белең алуда. Ағаларымыз "Тәртіпсіз ел болмайды" деп баяғыда айтқан болатын. Менің ұстанымым: қоғамда заң мен тәртіп болса ғана, ел ішінде үйлесім, бейбіт өмір болады. Заң – кез-келген өркениетті қоғамның басты өлшемі. Заң үстемдік құрғанда ғана әділетті қоғам қалыптасады. Біз міндетті түрде бұған қол жеткізуіміз керек. Бұл менің нақты ұстанымым", - деді Тоқаев телеарнаға берген сұхбатында.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер