18-қараша: Қазақстанда жаңа мейрам пайда болды

3032
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанда тағы бір мереке күні пайда болады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстан Республикасындағы мерекелер тізіміне қосымша дайындады.  Осылайша, Қазақстандағы мерекелер тізбесі 43-1-тармақпен толықтырылсын деп жоспарлануда. 

Ұлы көш күні 18 қараша атап өтіледі.

Түсіндірілгендей, бұл толықтыру Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021жылы 16 қарашада өткен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Қоғамдық сенім кеңесінің алтыншы отырысында берген тапсырмасы аясында жасалған.

Құжат жобасы 3 наурызға дейін қоғамдық талқылау үшін Ашық НҚА веб-сайтында орналастырылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер