Қабірге қолын сұққан: желіде тараған видео жұртты шулатты (ВИДЕО)

2268
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде зират маңында бір топ адамның отырған видеосы тарап жатыр. Олар адамның бейітіне қолдарын тығып, оғаш ырым жасаған, деп жазады "Адырна" сайты. 

Видео Facebook парақшасында жарияланған.

Біздің дінімізде мұндай зат жоқ қой. Не істеп жатсыздар ағайындар? Біздің мүфтиятта ондай нәрсе жоқ. Мен сендерге қой дедім ғой, - дейді кадр сыртындағы адам.

Осыдан кейін көп адам автордан видеоны алып тастауды сұрап, сол жерден кетіп қалады. Желі қолданушылары болған оқиғаға теріс пікір білдірді.

"Мүфтият қайда қарап отыр?", "Олар марқұммен bluetooth арқылы байланысады ма?" деген пікірлер айтуда.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер