Жантүршігерлік апаттан көлік екіге қақ айырылды: қаза тапқандар бар (ВИДЕО)

6250
Adyrna.kz Telegram

Павлодар облысында ауыр апат салдарынан көлік екіге қақ бөлінген. Екі адам оқиға орнында көз жұмды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

26 ақпан күні сағат 10.00-де Павлодар - Семей тас жолында Аққулы ауданы Тілектес ауылының маңында жан түршігерлік оқиға болды. Инстаграм желісінде жарияланған видеоның кадрларында бір көліктің қатты соққыдан бөліктерге бөлінгені анық көрінеді. Мыжылған металдың қасында денелер жатыр.

Павлодар облысының полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ВАЗ 21015 көлігінің 44 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай қалып, Toyota Camry 40 көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан ВАЗ көлігінің екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Toyota Camry көлігінің 30 жастағы жүргізушісі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Оқиғаға қатысты тергеу басталды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Типичный Павлодар (@tipavlo.dar)

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер