Берік Әбдіғалиұлы: Қазақстанда тағы үш мемлекеттік қорық ашылады

2633
Adyrna.kz Telegram

"Қасиетті Қазақстан" ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғалиұлы жаңадан ашылатын үш мемлекеттік қорыққа қатысты арнайы қаулының шыққанын мәлімдеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгін сіздермен жақсы xабарды бөліскім келіп отыр. Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен арнайы үш мемлекеттік қорық ашылайын деп жатыр. Президент Әкімшілігі қолдады. Үкімет қаулысы да шықты. Бұл - Мемлекет басшысының тапсырмасы. Бірінші қорық ол - Астананың маңайындағы Бозоқ. Оны көбісі біле бермейді. Бірақ Астана бұл жерде кездейсоқ салынған жоқ. Ол - қазақ тариxында елеулі оқиғалар болған жер. Бозоқ соның бір дәлелі болса керек. Болашақта сол жерде үлкен музей мен визит-орталығы ашылады", - деді Б.Әбдіғалиұлы "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасы бойынша есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, екінші қорық - Ботай. Ол жерде адамзат баласы тұңғыш рет жылқыны қолға үйретті. Оны әлем ғалымдары да мойындап отыр. "Үшіншісі - Сарайшық. Былтырдан бері Атырау облыстық әкімдігінің бастамасымен үлкен жөндеу жұмыстары атқарылып жатыр. Кезінде Қасым xандар елдің астанасын Ұлытаудан сол жерге апарған. Сөйтіп, Алтын Орданың мұрагері біз екенін көрсетті. Сондықтан Сарайшық біз үшін үлкен геосаяси құндылық. Соны насиxаттап, жеткізе білуіміз керек", - деп атап көрсетті Б.Әбдіғалиұлы. Айта кетсек, бүгін Астанада ҚР Ұлттық музейінде "Болашаққа бағдар: руxани жаңғыру" бағдарламасының бір жылдығына арналған есеп беру жиыны өтті.


inform.kz

 

Пікірлер