Путин, Лукашенко және Зеленскийдің Гомельдегі келіссөздеріне қатысты тың дерек шықты

5396
Adyrna.kz Telegram

Украина президенті Владимир Зеленскиймен сөйлескеннен кейін Беларусь президенті Александр Лукашенко ресейлік әріптесі Владимир Путиннен оның делегациясының Гомельде қалып, украиндық келіссөз жүргізушілердің келуін күтуін сұрады. Үш көшбасшының телефон арқылы сөйлесуінің мұндай егжей-тегжейлерін "Пул Первого"  Telegram арнасы анықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

- Лукашенко Путиннен келіссөзді кейінге қалдыруды өтінгені белгілі болды. Ресей президенті келісті. Екі делегацияның кездесуі Украина мен Беларусь шекарасындағы Гомель облысында өтеді. Басқа мәліметтер берілмейді.

Бұған дейін Гомельдегі Ресей делегациясы Украинаның Мәскеу уақытымен 15:00-ге дейін келіссөзге Украинадан жауап күтетіні туралы хабарланған болатын. Кейінірек Украина делегациясы Гомель бағытына кеткені белгілі болды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер