Қытайда еш жазықсыз қамалған Қазақстан азаматтары босатылды

2497
Adyrna.kz Telegram

 

13 сәуір күні Қытайда еш себепсіз саяси үйрену дейтін түрмеге қамаған Қазақстан азаматтарының төртеуі босатылды.

Олар Көксебек Орынбек, Мұқаш Еркеш, Арман, Аман атты Қазақстан азаматтары шығыс Қазақстан облысы Бақты шекарасынан кеше өткен. Ал бүгін және екі Қазақстан азаматы босап келеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұл туралы ақпарат құралдары арқылы АТАЖҰРТ ЕРІКТІ ЖАСТАРЫ белсенділері бірнеше рет баспасөз мәслихатын өткізіп, осыған дейін сегіз Қазақстан азаматтарының Қытайда ешсебепсіз ұсталып отырғанын мәлімдеген болатын. Әрі осы азаматтардың туыстарымен бірге Қазақстан президенті Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Қазақстан Сыртқы істер министріне арыз жазып өткізген еді, нәтижесінде Қазақстан сыртқы істер министрі бұл іске араласып, міне олардың Қытай түрмесінен босауына мұрындық болды.

Осы орайда біз Қазақстан Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа, Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмановқа, Қытайдағы Қазақстан елшілік қызметкерлеріне, ақпарат құралдарына, елдегі зиялы қауым, саясаткер және ұлтжанды азаматтарға барша Қазақстандықтар атынан, Қытайдағы қандастар атынан рақмет айтамыз!


http://atajurtjastar.com

Пікірлер